19 ақп, 2021 сағат 17:10

2020 жылы Қазақстанда сырқаттану деңгейі қандай болды – статистика

Былтыр Қазақстанда жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясына шалдыққандар саны 13,2% артты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелген жұқпалы аурулардың арасында ең көп таралғаны: желшешек – 17,5 мың жағдай, жіті ішек инфекциялары – 7 мың, тыныс алу мүшелері туберкулезі – 5,8 мың, дерматомикоздар – 5 мың, функционалдық диарея – 4,7 мың, созылмалы вирусты гепатиттер, алғаш анықталғандардың және энтеробиоз - 3,8- мыңнан, АИТВ тудырған ауру және қызылша - 3,3 мыңнан, тұмау – 2,7 мың, мерез – 2,4 мың және скарлатина – 2,2 мың. Желшешек ауруы 41,9% және қызылша 24,5% төмендеген. 

2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті инфекцияларынан болған аурулар саны 13,2% артты (539,2 мың жағдайға қарсы 610,5). Сырқаттанушылықтың едәуір бөлігі қалалық жерлерде тіркелген – 82,6%. 0-ден 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы сырқаттанушылық – 51,9%, 15-17 жас аралығында 4,1% құрады.

100 мың адамға шаққанда жіті ішек инфекцияларымен ең көп ауырғандар саны Қызылорда облысында (89,4) және Нұр-Сұлтан қаласында (87,8) болды. Тыныс алу мүшелері туберкулезі - Атырау (50,1), Қызылорда (41,9), Маңғыстау (41,3) және Қостанай (40,6) облыстарында тіркелген.