Президенттікке кандидаттардың басым бөлігінің сайлауға алғаш рет қатысуы саяси таптың жаңару трендіне дәлел болады. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сонымен, бүгін соңғы кандидат тіркелді. Тіркеу кезеңі ресми әлі де аяқталмағанына қарамастан ұсынылғандардың барлығы да қол қою парақтарын жинап, тіркеліп үлгерді. Ал бұл Президенттік лауазымға үміткерлердің шорт-парақшасы мерзімінен бұрын анықталды дегенді білдіреді», - деп жазды ол.
Сонымен қатар Ерлан Қарин 2019 жылғы сайлаудың ерекшелігі бұл ғана еместігіне назар аудартады.
«Кандидаттардың ең көп саны тіркелді - 7. Бір үміткер емтихан тапсыра алмады, тағы бірі өздігінен бас тартты. Осылайша, тіркеу кезеңінен кандидаттық өтінімдердің 80 пайызға жуығы өтті. Іс жүзінде барлық кандидаттар (біреуінен басқасы) президенттік сайлауға алғаш рет қатысып отыр. Бұл саяси таптың жаңару трендіне дәлел бола алады. Сайлау науқанының белсенді кезеңінде саяси күштердің барлық негізгі палитрасы - солшыл, оңшылдар, орталықшыл, сонымен қатар алғаш рет ұлттық-патриоттық блок кандидаты сайлауға қатысады», - деді саясаттанушы.
Оның пайымынша, осылайша ашық әрі бәсекеге толы сайлау өтетіндігі нақтыланып отыр. Кандидаттар санының көп болуы сайлау процесінің белсенді кезеңіне еліміздегі негізгі саяси күштердің, оның ішінде оппозицияның да қатысатынын білдіреді.
«Кандидаттардың басым бөлігі сайлау науқанына алғаш рет қатысып отыр, жаңа тұлғалар пайда болды. Соған орай сайлаушыларда сайлау үшін әртүрі балама болады», - деді Е.Қарин.