14 мау, 2022 сағат 15:10

200-ге жуық үндістандық студент Украинадан Қазақстанға ауысуы мүмкін


Үндістан үкіметі Украинаның медициналық жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттерін Қазақстанға көшіру туралы өтініш жасады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

"Үндістан үкіметі бізге ресми түрде өтініш жолдады. Кеше елімізге Үндістанның сыртқы істер министрі келді. Украинадағы 20 мыңнан астам үнді студенттері далада қалған, енді олар бізден көмек сұрап отыр. Негізі, біздің медициналық университеттеріміз көмектесуге дайын, шамамен 200 студентті қабылдай алады. Шетелдіктер оқу ақысын өздері төлейді", - деді Ғиният.

Сонымен қатар, ол шетелдік студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі көтерілетінін айтты.