14 там, 2020 сағат 09:06

2 млн 333 мың қазақстандыққа 42 500 теңге аударылды – Еңбек министрлігі

2 млн 333,8 мың қазақстандыққа 42 500 теңге аударылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік 14 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға қатысты ақпаратты жариялады. 

Азаматтардан 2 млн 548 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 333,8 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 320,3 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. 

2 млн 548 мыңнан астам өтінімнің ішінде:

– 834,9 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 659,5 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 396,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 657,4 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы; 

– 0,2 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 834,9 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 246,3 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 467,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 340,8 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 333,8 мың қазақстандыққа аударылды.