Қазақстан Даму банкінің басшысы Болат Жәмішев Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорының құрылуын қателікке теңеді, деп хабарлайды Астана" телеарнасы.
Мұндай мәлімдеме KASE-тегі дәрісте айтылды.
"БЖЗҚ құру қате болды деп ойлаймын", - деді ҚДБ төрағасы.
Жәмішев қорға зейнетақы активтерін басқаруды бақылауға мүмкіндік беру керек екенін айтты.
"Бұл жағдайда оның өкілеттігі өте кең болуы мүмкін", - деді ол.
Ал БЖЗҚ-да Болат Жәмішевтің сөзіне түсініктеме беруден бас тартты.
Олар қордың зейнетақы активтерін басқармайтынын, тек салымшыларға жинақталудың жай-күйі туралы ақпарат беретін оператор ретінде әрекет ететінін түсіндірді.
Телеарна хабарлағандай, 1 сәуірде Қазақстан азаматтарының зейнетақы активтері шамамен 10 трлн теңгені құрады. Жыл басынан зейнетақы жинақтарының кірістілігі 11,5%-ға жеткен.
Сонымен қатар, қазір БЖЗҚ активтерін сыртқы нарықтан келген ойыншылар басқарып жатыр.
Осылайша, БЖЗҚ активтерінің 1% - дан сәл азырақ мөлшері немесе 84 млрд теңгесі "Aviva Investors Global Services Limited" шетелдік компаниясының басқаруында болып отыр.
Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банкте зейнетақы активтерін жеке компанияларға толық беру мәселесі қарастырылып жатқанын хабарланған еді.