23 шіл, 2024 сағат 17:01

12 жастағы мектеп оқушысы ана атанды


Фото: Pexels

Павлодарда 12 жастағы ауыл мектебінің оқушысы дүниеге сәби әкелді. Бұл туралы orda.kz жазады.

Бұл туралы Павлодар облысының білім басқармасы хабарлады.

«Бұл факті ауданның бірінде орын алды. Бойжеткеннің жасы 12-ге толып, жақында 13-ке толатыны хабарланды. Мұғалімдерге шара қолданылды. Мектеп директорын жұмыстан босату туралы шешім қабылданды, ал білім бөлімінің басшысы қатаң жаза түрінде жауапқа тартылды»,- деді білім басқармасы.


Бұл факті бойынша тергеу тағайындалып, оның қорытындысы әлі шығарылмағаны хабарланды. Облыстық білім басқармасы мұғалімдер оқушының жүкті болғанынан бастап босанғанға дейін білген. Медициналық мекеме бұл ақпаратты жарияламады. Ал, білім басқармасы жүкті болу фактісі мектепте анықталғанын түсіндірді.