Фото: Elorda.info
Бүгін Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсының жеңімпаздары мен мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Биылғы «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары қатарында түрлі байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, спорттық жарыстардың жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері мен белсенділер бар.
Кәсіби қазылар алқасы лауреаттарды «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада» және «Халық шығармашылығы» номинациялары бойынша таңдады.
Марапаттау кезінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елде ортақ принциптер мен мақсаттарды ұстанатын прогрессивті әрі дарынды буынның өсіп келе жатқанын атап өтті.
«Сіздер – халықтың үміті мен тірегісіздер. Ел Президенті жастар үшін үш басты бағдарды үнемі айтып келеді – бұл білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм. Бұл – мықты әрі табысты ұлттың негізі болатын үш тұғыр. Демек, ұлттың болашағын сіздер айқындайсыздар. Сондықтан Мемлекет басшысы сіздерге үлкен үміт артады. Мемлекет өз тарапынан жастарды жан-жақты қолдауды жалғастырады», – деді министр.
Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының 20 жеңімпазына "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты" атағы беріліп, естелік статуэткалар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ спорттағы жоғары жетістіктері үшін 2024 жылғы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері:
Ғылым номинациясы
Фёдор Мальчик – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті КЕАҚ-ның Электрохимиялық өндіріс технологиялары зертханасының меңгерушісі, доценті,
Айсұлу Молдабекова – "Экономика институты" РМК-нің "Zertteu LAB" зертханасының меңгерушісі.
Эстрада номинациясы
Мұратбек Хайролда – "Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония" МКҚМ-нің "Эстрадалық вокал" бөлімі әртісі,
Садраддин Болат – қазақстандық эстрада әншісі.
Классикалық музыка номинациясы
Бибарыс Әліш – "Қазақ ұлттық өнер университеті" ММ-нің "Вокалдық өнер" кафедрасының магистранты,
Карина Измаилова – "Қазақ ұлттық өнер университеті" ММ-нің оқытушысы.
Халық шығармашылығы номинациясы
Шаттық Уатқан – Алматы қаласы Мәдениет басқармасының "Алатау" дәстүрлі өнер театры" КМҚК-нің әртісі,
Ержан Жаменкеев – "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ-нің "Домбыра" кафедрасының доценті.
Дизайн және бейнелеу өнері номинациясы
Бақытжан Үсембеков – "Қазақстанның қолөнершілер одағы" ЗТБ және ЖКБ-нің зергері,
Нұрлан Сатаев – Жас суретшілер одағының төрағасы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Бейнелеу өнері" кафедрасының оқытушысы.
Журналистика номинациясы
Назерке Жұмабай – Республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі,
Уәлихан Қосанбаев – QAZSPORT телеарнасының спорт коментаторы.
Креативті бастамалар номинациясы
Дулат Жүсіпқалиев – "Орал жастары" волонтерлық қозғалысының жетекшісі,
Гүлзира Атабаева – кәсіподақтар аумақтық бірлестігі жанындағы "Келешек" жастар кеңесінің төрағасы.
Спорт номинациясы
Ақмарал Науатбек – қазақстандық дзюдошы, Париж паралимпиадасындағы алтын медаль алған қазақстандық спортшы,
Давид Дегтяров – қазақстандық пауэрлифтер-паралимпиадашы Париж паралимпиадасында алтын медаль алған қазақстандық спортшы.
Әдебиет номинациясы
Бауыржан Әліқожа – "Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті" КЕАҚ-ның "Журналистика" факультетінін докторанты,
Әлихан Жақсылық – жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
Театр және кино номинациясы
Әділет Омаров – "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ-ның киножобалар өндірісі бөлімінің басшысы,
Әсет Есжан – Алматы қаласы Мәдениет басқармасының "Алатау" дәстүрлі өнер театры» КМҚК-нің актерлік құрамының әртісі.
Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының 20 жеңімпазына «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, төсбелгі мен ақшалай сыйлықтар табысталды.