28 ақп, 2022 сағат 18:12

1 наурызға арналған доллардың ресми бағамы белгіленді


Ұлттық банк 1 наурызға арналған доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сейсенбіде доллар бағамы 495,00 теңге болды. Ал 26-28 ақпандағы ресми бағамы 467,09 теңге болған еді.

KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша да доллардың орташа бағамы - 495,00 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пунктерінде доллардың орташа бағамы - 497,44 теңге, сатылымда - 503,67 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 485,43 теңгеден сатып алып, 503,44 теңгеден сатып жатыр.