09 ақп, 2022 сағат 14:41

1 млн-нан астам қазақстандық несиелерді өтеу мерзімін бұзған


Бүгінде елімізде 1 млн-нан астам азамат несиелерді өтеу мерзімін бұзған. Бұл туралы ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылық жағдайы нашарлаған. Оның әр түрлі себептері бар: жұмысынан айырылу немесе жұмысқа жарамсыздық, экономикалық құлдырау аясында әл-ауқат деңгейінің төмендеуі және коронавирус инфекциясына қатысты карантиндік іс-шараларды енгізу. Несие бюросының ақпаратына сәйкес, бүгінде 1 млн-нан астам азамат несилерін өтеу мерзімін бұзған», - деді ол Орталық комуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. 

Оның атап өтуінше, коммуналдық төлем, салық бойынша берешегі бар азаматтардың да қатары мол. Сонымен қатар борыншкер мүлкінің болмауына байланысты қайтарылған 4 млрд теңге сомасына атқарушылық құжаттар бар.