28 мау, 2019 сағат 09:00

Қырымбек Көшербаев Президент әкімшілігінің басшысы болды

Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады  Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын» делінген жарлықтың мәтінінде.

Ал, Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысының жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды.