Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды
Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды
26 қазан күні Қазақстанда 152 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның басым бөлігі (142) – вирус жұқтырғаны Covid тестімен расталғандар (U07.01 коды). Өткен тәулікте Covid тесті теріс нәтиже берген, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға (U07.02) шалдыққан 10 науқас анықталған.
Бір күнде 6 адам қайтыс болған: коронавирус жұққаны тестімен расталған науқастар арасында - 5 адам өлімі, коронавирус пневмониясына шалдыққандар арасында 1 адам өлімі тіркелген. Сондай-ақ 17 адам емделіп шықты.
Індет басталғалы елде барлығы 147 615 адамға коронавирус жұққан: 110 684 адамға коронавирус жұққаны тестімен расталған, қалған 36 931 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан.
Ресми мәлімет бойынша, елде пневмонияның жалпы түріне шалдыққандар жазда күрт көбейген.
Наурыз айынан бері коронавирустан кемінде 2 225 адам қайтыс болған (1830-ы - коронавирустан, 395-і - коронавирус пневмониясынан көз жұмған).
Қазір 3 088 адам коронавирустан емделіп жатыр, 248-і - бала. Стационарда - 2 333, амбулаторлық жағдайда 755 адам емделіп жатыр. 115 адамның жағдайы - ауыр, 10 адамның жағдайы - өте ауыр, 16 адам жасанды аппаратпен тыныс алып жатыр.