11 қар, 2020 сағат 07:25

Бір күнде 242 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

10 қарашада Қазақстанда 242 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 83 адам жазылды, өткен тәулікте адам өлімі тіркелген жоқ.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бастап коронавирусқа ұқсас пневмонияға бөлек код беріп, пневмонияның сол түріне шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 39 357 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 410 адам қайтыс болған, 29 286 адам жазылған.

Сейсенбі күні коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 6 адам өлімі тіркелген, наурыз айынан бері коронавирустан қайтыс болғандар саны 1911 адамға жетті. Елде коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 117 336 адам бар: 108 169-ы жазылған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 606 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 393 бала бар. Стационарларда 2 926 науқас жатыр. 4 680 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Соңғы аптада Қазақстанның бірқатар аймақтарында әсіресе, Ресеймен шекаралас аумақтарда карантин күшейіп, блокбекеттер қойылған. СҚО, БҚО, ШҚО, Павлодар, Қостанай облысы аумағына кіру үшін адамдарда коронавирус жұқпағанын дәлелдейтін ПТР-тест анықтамасы болуы керек.