Әкесі мектеп бітірген қызына көлік сыйлап, сынның астында қалды

Әкесі мектеп бітірген қызына көлік сыйлап, сынның астында қалды
Фото: ult.kz

Астанада мектеп бітірген түлекке әкесі көлік сыйлады, деп хабарлайды ult.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода бір топ адам қызды қоршап келе жатқанын, әкесі көліктің кілтін табыстағанын көруге болады. Желі қолданушыларының біразы мұны баланың жетістігіне берілген лайықты сый деп бағалады. Енді бірі мұндай жаста көлік сыйлау орынсыз деген пікір білдіруде.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында бұл жағдай қызу талқылануда. 

"Осына үйінде берсе болмайды ма?”, “Ел көрсін деп бүкіл балалардың алдында бергені несі?”, “дарақылық”, “Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді”, “өзге жағдайы төмен балалар көріп біртүрлі болатын болды”, деп жазды желідегілер.