04 қар, 2019 сағат 12:18

Жамбыл кітапханасы толық модернизациядан өтті

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы  кеңістігі толық модернизациядан өтті.

Silent zone, Single zone, Public spase, Atrium (Тыныш аймақ, жеке аймақ, топтық аймақ, атриум) – оқырмандарға өте ыңғайлы.

Жарық, жылы, жайлы жиһаз, ашық кітап қоры, тегін wi-fi.

Түрлі тақырыптағы іс-шаралар, тренингтер, семинар, ағылшын тілі курстары, клубтар бар.

Жұмыс кестесі де өте ыңғайлы. Үзіліссіз, демалыссыз кешкі онға дейін қызмет көрсетеді.

Күніне үш жүзден мыңға дейін оқырмандарды қабылдайды. Негізгі категория – жастар.

Жаңадан тіркелуші оқырмандар елуден екі жүзге дейін.