11 қыр, 2019 сағат 06:43

Зарина Дияс Хиросима турнирінің ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық Зарина Дияс Жапониядағы Хиросима WTA турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлемнің 80-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы З.Дияс екінші айналымда рейтингте 146-орындағы жапониялық Нао Хибиномен кездесті.

Бірінші партияда Н.Хибино айқын басымдылық көрсетті – 6:1.

Екінші сетте есеп 2:3 болған мезетте З.Дияс жарысты жалғастырудан бас тартты.

2017 жылы осы доданың жеңімпазы болған қазақстандық теннисші биыл доданы ерте аяқтады.

Н.Хибино ширек финалда Хиросима турнирінің өткен жылғы жеңімпазы, биылғы бірінші, әлемнің 29-ракеткасы, тайбэйлік Се Шувэй немесе рейтингте 123-орындағы аустралиялық Присцилла Хонның біреуімен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Хиросима турнирін, ал Елена Рыбакинаның Қытайдағы Наньчан жарысын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Бұл екі турнирдің де жүлде қоры – 250 мың АҚШ доллары.