#
#
Жексенбі 21/01/2018

Үйлену тойындағы таңғажайып торт қазақстандықтарды таңғалдырды (Видео)

  • 13.01.2018
  • 0
  • 5942

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан үйлену тойындағы ерекше торттың суреттері мен видеолары қазақстандықтарды таңғалдырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".  

Тортты ресейлік кондитер Ренат Агзамов дайындаған. Кондитердің айтуынша, торттың диаметрі - 3 метр, биіктігі - 4,2. Салмағы - 1500 келі. Тортты залға шығарғанға дейін кондитерлер тобы үш күн ұйықтамаған. 


Музыкалық продюсер Жан Мұқанов Telegram каналында осы торттың Шымкенттегі үйлену тойына арнайы тапсырыс бергенін айтады. Оның айтуынша торттың құны - 59 000 000 теңге.


"Кеше Шымкентте Риксос қонақ үйінде салтанатты үйлену тойы өтті. Отандық шоу-бизнес өкілдері аз болмады, бірақ жұлдыздармен қонақтарды таңғалдыру қиын. Бұл кеште Валерия мен Джей Шон да болды. Бұл кештің басты хиті торт пен боксшы болды. Тортты танымал кондитер Р. Ағзамов әзірлеген. Ал, боксшы - біздің ең танымал әрі даңқты Геннадий Головкин. Мен өз атымнан жастарға бақыт тілеймін!, - деді Жан Мұқанов. - Мен бұл отбасыны, нақтырақ айтсақ әулетті жақсы білемін. Өте жақсы адамдар және табысты да адал жолмен тауып жатқанына сенімдімін. Осылай міне!". 


0 пікір

Пікір қалдыру

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар