30 қаң, 2017 сағат 09:12

Универсиада-2017. Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Алматыда өтіп жатқан  28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына  алғашқы медалі түсті. 

Әйелдер арасында шаңғымен классикалық стилде 5 шақырымға жүгіруден жерлесіміз Анна Шевченко  қола жүлдеге ие болды. Бұл сында күміс медаль ресейлік спортшы Анна Нечаевскаяға бұйырса, алтын жүлде тағы бір ресейлік Лилия Васильеваның еншісіне тиді. Лилияның көрсеткіші: 14.08.6.

"Ұлт ақпарат"