28 қаз, 2019 сағат 14:27

Үндістанда құдыққа құлап кеткен баланы 3 күннен бері құтқара алмай жатыр

Үндістанда құдыққа құлап кеткен баланы үш күннен бері құтқара алмай жатыр, деп хабарлайды ВВС.

Үндістанның оңтүстігіндегі Тамил Наду штатында көшеде көршілерінің балаларымен ойнап жүрген Суджит Уилсон есімді 2 жасар бала абайсызда тереңдігі 180 метр келетін құдыққа құлап кеткен.Ол құдықтың түбіне жетпей, он метрдей жерде ілініп қалған.

Енсіз құдыққа ересек адам түсе алмайды. Сондықтан үш күннен бері оны шығара алмай әлек.

Құтқарушылар құдықтың ішіне ауа айдап жатыр, бірақ оның балаға жетіп жатқанына ешкім кепілдік бере алмайды. Құтқарушылардың екінші тобы бала отырған құдықтың жанынан екіншісін қазуда.

Жергілікті газеттердің жазуынша, баланы шешесінің өзі құтқарып алудың амалын қарастырған. Есі шыққан ана алдымен қапшық тігіп, баласын «аулап» алмақшы болған, артынша өзі құдыққа түспекке әрекеттенеді. Бірақ онысынан еш нәтиже шықпаған.