07 нау, 2017 сағат 10:44

Үндістанда екі басты, үш қолды сәби дүниеге келді

Үндістанның 23 жастағы тұрғыны Шабана Хатун екі басы бар, үш қолы бар сәбиді дүниеге әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат msn.com порталына сілтеме жасап .

Әйелге кесір тілігін жасау қажет болды. Отаны сегіз акушер жүргізді. Жас ана егіздерді дүниеге әкелем деп ойлаған. Жарыққа шыққан нәресте дереу қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды.

Үндістандық дәрігерлер баланың бұлай туу себебін анықтай алмады. Оның анасы ешқандай сырқатқа шалдақпағандығын айтады.

Өкінішке қарай, екі басты нәресте бір тәулік те өмір сүре алмады.