#
#
Дүйсенбі 23/09/2019

Ұлан-Батырда садақ атудан халықаралық турнир өтті

  • 10.09.2019
  • 0
  • 206

Садақ атудан І Халықаралық турнир Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлағандай, қыркүйектің 5-9 күндері өткен бұл жарыста 27 мемлекеттен алпысқа жуық мерген бақ сынады.

Мергендік сайысынан Моңғолияда ұйымдастырылған І Халықаралық турнир «Азия стилі», «Корей стилі», «Еуропа стилі» және Моңғолия дәстүрлі садақ ату стилі бойынша өтті. Қаршадай баласынан қажырлы қариясына дейін ұлттық садақ атуды ежелден машық қылған Монғолия елінің мергендері өз астаналарында өткен І Халықаралық турнирдің жүлделі орындарын талассыз иеленді.

Тіпті, ат үстінен садақ атудан әлем чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, мажарстандық әйгілі мерген Кристоф Арпаттың өзіне бұл турнирде төртінші орынды қанағат тұтуға тура келді.

Монғолия мемлекеті ұйымдастырған І Халықаралық турнирге қатысушы 27 мемлекет қатарында АҚШ, Сауд Арабиясы, Қытай, Ресей, Германия, Канада, Таиланд, Аустралия, Финляндия сияқты дәстүрлі садақ ату спорты дамыған елдер бар. 

Бұл жарысқа біздің елден халықаралық жарыстардың жүлдегері, жуырда ат үстінен садақ атудан Оңтүстік Кореяда өткен ХV Әлем чемпионатында жүлдегер атанған сұрмерген Елдос Бадашев қатысып қайтты.

Еске салып өтейік, биыл біздің дәстүрлі садақ атушы спортшыларымыз Мажарстанда өткен Әлем кубогында, Оңтүстік Кореяда өткен Әлем чемпионатында, Түркияда өткен дүниежүзілік жарыста бақ сынады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар