20 мау, 2017 сағат 09:20

ҰБТ-ның өту барысын онлайн режимде бақылауға болады

Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту барысын онлайн режимде бақылауға болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту барысын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік туып отыр. Ол үшін www.ivideon.com/tv/map бұлтты қызмет көрсету сайтына кіру қажет. ҰБТ өткізу пункттері Қазақстан картасында көрсетілген, яғни қажетті аудиторияның камерасын оның географиялық орналасуымен тауып алуға болады" делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін 42 ҰБТ өткізу пункттерінде 16 468 мектеп бітіруші тестілеуден өтуде.

2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 20-сы мен 1-і шілде аралығында өткізіледі.

Ағымдағы жылы ҰБТ-ны 92827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69209 қазақ тілінде және 23618 орыс тілінде.

20 маусым күні тестілеуге 16 468 бітіруші қатысады, оның ішінде қазақ тілінде – 12 929, орыс тілінде – 3539. Тестілеу 165 ҰБТ өткізу пунктіне (бұдан әрі – ҰБТӨП) өтеді. Максималды балл саны 140.

Тестілеу нәтижесімен келіспеген түсушілер келесі күні сағат 13:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.

Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған түсушілер ағымдағы жылы қайта ҰБТ тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуіне құқылы. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-сі мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.