25 сәу, 2024 сағат 20:24

Қазақстанда мектеп түлектеріне салтанатты банкеттер өткізуге тыйым салынды


Фото: Tengrinews.kz


Биыл оқу жылының аяқталуына орай Қазақстанның барлық мектебінде дәстүрлі салтанатты жиынның орнына бірыңғай сынып сағаты өтеді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ал мектеп бітірушілерге мектеп бітіруін салтанатты түрде тойлауға тыйым салынды.


"9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады", - делінген хабарламада.