#
#
Сейсенбі 15/10/2019

Түркия бірдеңені бүлдіретін болса, экономикасын толығымен күйретіп, жоқ қыламын - Трамп

  • 08.10.2019
  • 0
  • 423

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка әскерін Сирияның солтүстік-шығыс ауданынан шығару жайлы айта келе оларды үйіне қайтару керектігін мәлімдеді.

Трамптың сөзіне қарағанда «Ислам мемлекеті» экстремистік топтарының қолға түскен тұтқындарының әрі қарайғы тағдырын Түркия мен Еуропа елдері өздері шешуі тиіс.

Трамп өзіне Түркия ұнамайтындай әрекет жасайтын болса, онда Түркия экономикасын талқандайтынын мәлімдеді:

«Бұған дейін де кесіп айтқан едім, тағы да қайталайын: егер Түркия бірдеңені бүлдіретін болса, өзімнің ұлы және теңдессіз даналығымға қарамастан мұны шектен шығу деп қабылдап, Түркия экономикасын толығымен күйретіп, жоқ қыламын (бұрын да солай істегенмін!)

Трамптың қарсыластары Сирияның солтүстік-шығыс аудандарынан АҚШ әскерін алып кетсе, Сирия демократиялық күштері мен АҚШ-тың одақтастары қиын жағдайда қалады, «Ислам мемлекеті» содырларымен күреске қауіп төнеді деп санайды.

«Америка дауысының» жазуынша, әдетте Трампты қолдайтын республикашыл сенатор Линдси Грэм Fox News-ке берген сұқбатында Трамптың Сирия жөніндегі шешімін айыптай сөйлеген. Трамптың әрекеті Иранның, Сирия президенті Башар Асад пен «Ислам мемлекетінің» үлкен жеңіске жеткенін білдіреді деп санайтынын айтқан.

Трамп "АҚШ қазірдің өзінде «Ислам мемлекетінің халифатын» жеңді, сөйтіп әлдекімдер күткендегіден әлдеқайда зор жұмыс істеді" деп мәлімдеді.

АҚШ президенті «Ресей мен Қытай Вашингтонның Сирия төңірегіндегі қарулы қақтығыстан шыққанын қаламайды, өйткені олар АҚШ-тың бітпейтін соғысқа белшесінен батып жүре бергенін дұрыс көреді» деп мәлімдеді.

Трамп 6 қазанда Түркия президентімен телефон арқылы сөйлескен. Осыдан кейін Трамп Сирияның солтүстігінде әскери операция жүргізгісі келетін Реджеп Ердоғанды қолдамайтынын жариялаған. Трамптың сөзіне қарағанда, АҚШ әскері ол операцияға қатыспайды.

Азаттық

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР