14 нау, 2018 сағат 09:47

Тікұшақпен ұшып бара жатқан әскери қызметші қаза болды - Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігінде қайғылы оқиға болып, салдарынан борттехник қаза тапқан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«13 наурызда МИ-8 тікұшағымен жоспарлы ұшу кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан борттехник Ж.Т. Тасыбеков қаза тапты», - делінген қорғаныс ведомствосының хабарламасында.

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен туыстарына көңіл айтты.