#
#
Жұма 05/06/2020

«Termincom.kz сайтының қызметі, оны жетілдіру жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өтеді

  • 15.04.2020
  • 0
  • 441

«Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңының аясында 2020 жылғы 17-сәуір күні сағат 11.00-де Termincom.kz сайтының youtube каналында «Termincom.kz сайтының қызметі, оны жетілдірудің жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өтеді. Семинарда 2016 жылы ашылған termincom.kz сайтының құрылымы, ішкі мазмұны, оны қолданудағы артықшылығы мен қиындығы жөнінде ой қозғалады. 

Онлайн-семинарды өткізудегі негізгі мақсат – қазақ терминдер базасы болып табылатын termincom.kz сайтының қызметін жетілдіру, көпшілікке сапалы әрі қолдануға ыңғайлы сайт болатын техникалық мүмкіндікті қарастыру. 

Онлайн-семинарға сайтты түзуші мамандардың бірі Рымбек Ізғали, сайт қолданушысы Қостанай облыстық Тілдарын орталығының әдіскері Айнұр Нұрбекова және ІТ саласының мамандары Әділбек Бөкетаев және Сымбат Әбдіқұл қатысады. 

Семинар сұрақ-жауап форматында өтеді. Termincom.kz сайтына қатысты сұрақтарыңызды youtube каналы арқылы қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар