#
#
Сейсенбі 25/02/2020

Теннис: Елена Рыбакина Хобарт турнирінің жеңімпазы атанды

  • 18.01.2020
  • 0
  • 198

Қазақстандық Елена Рыбакина Хобарт (Аустралия) WTA турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 30-ракеткасы Е.Рыбакина финалда дүниежүзілік рейтингте 40-сатыда тұрған қытайлық Чжан Шуаймен күш сынасты.

Қазақстандық теннисші небәрі 20 жаста болса, жуырда 31-ге толатын Ч.Шуай бұдан бұрын Гуанчжоу турнирінде екі мәрте топ жарған тәжірибелі спортшы еді. Ал Е.Рыбакина өткен жылы Бухарест жарысының жеңімпазы атанған болатын.

Тартысты өрбіген бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда қазақстандық теннисші басым түсті – 7:6 (9:7).

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Е.Рыбакина брейк жасай білді. Қазақстандық теннисті матчты тағы бір брейкпен бітірді – 6:3.

Бәсеке сағат жарымға созылды.

Сөйтіп Е.Рыбакина спорттық жолында WTA додасында екінші рет топ жарды.

Бұл Елена Рыбакинаның биылғы жылғы екінші финалы еді. Бұдан бұрын Қытайдағы Шэньчжэнь WTA турнирінің финалында ресейлік Екатерина Александровадан ұтылып қалған болатын.

Осылайша екі апта бойы табысты өнер көрсетуінің арқасында Е.Рыбакина алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингте 26-орынға көтеріледі. Енді ол 20 қаңтарда басталатын Аустралия ашық чемпионатында өнер көрсетеді. Алғашқы қарсыласы – әлемнің 70-ракеткасы, америкалық Бернарда Пера.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Аустралия чемпионатында іріктеу сайыстарының, Е.Рыбакинаның Хобарт турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар