#
#
Cәрсенбі 29/01/2020

СҚО-да Орталық Азиядан келген 3 мың мигрант еңбек етеді

  • 09.12.2019
  • 0
  • 179

Солтүстік Қазақстан облысында еңбек мигранттарына рұқсат беру және оның мерзімін созу құжаты - шетелдіктердің сұранысына ие мемлекеттік қызметтердің бірі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл өңірде Орталық Азиядан келген 3 мыңға жуық азамат жұмыс тапқан. Мигранттардың басым бөлігі – 1908 адам – Өзбекстанның тұрғындары. Әзербайжан мен Тәжікстаннан жұмыс іздеп келетіндердің де саны аз емес. Молдовия мен Грузияның азаматтары да көші-қон қызметінде рұқсат алған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, шетелдік жұмысшылар негізінен құрылыс саласында жұмыс істейді және жөндеу жұмыстарымен айналысады.

Өңірге келген еңбек мигранттарының 341-і – әйелдер. Олар көбіне бала бағушы немесе үй қызметшісі болып орналасады екен.

Жыл басынан көші-қон қызметі 230 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткен. Олардың басым бөлігі ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуге қатысты. Сондай-ақ 63 мың солтүстікқазақстандық көші-қон қызметіне мекен жай анықтамасын алу үшін келген. Тағы 43 мың тұрғынға төлқұжат пен жеке бас куәлігі берілген.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде мемлекеттік органдардың тұрғындармен тиімді байланысын атап көрсетті. Біздің ведомствода көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруда үнемі жұмыстар жүргізіледі. Соның бірі – жұмысты цифрлық форматқа көшіру. Бұл – жұмысты жылдамдатып, қолжетімділікті арттырады және сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді», - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Таев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар