#
#
Сейсенбі 17/07/2018

Сіздер Димашпен мақтана аласыздар - әншінің шетелдік жанкүйерлері

  • 06.07.2018
  • 0
  • 398

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әлемнің түкпір-түкпіріндегі шетелдік тыңдармандары Астана күнімен құттықтап, видеоролик жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сәлем, Астана!» деп басталатын құттықтауларда Қазақстан елордасының 20 жыл ішінде салынып, сұлу қалаға айналғаны, Димаштың әні дүние жүзіндегі әнсүйер қауымның басын қосып отырғаны айтылған.

«Сәлем, Астана! Қаланың 20 жылдығымен құттықтаймын! Сіздің қалаңыз әрқашан гүлденіп, дами берсін! Мерейтой құтты болсын!», - дейді «Димаш-АҚШ» фан-клубының атынан Алиса Келлог.

Димаш Құдайбергеннің Польшадағы фан-клубының атынан құттықтау арнаған Моника Василевска: «Астана - қарқынмен дамып келе жатқан сұлу қала. Сіздерге қалаңыз өсе берсін дейміз! Тек қарқынды дамумен ғана емес, танымал әнші Димашпен де мақтана аласыздар! 20 жылдық мерейтой құтты болсын!», - дейді.

Румыния, Түркия, Индонезия, Жапония, Якутия, Беларусь, Болгария, Украина, Франция, Ресей елдеріндегі жанкүйерлер де жылы лебіздерін білдіріп жатты. Одан басқа, Еуразия фан-клубы, испантілді тыңдармандар, халықаралық жанкүйерлер фан-клубтары да шынайы лебіздерін жеткізді.

Еске салайық, Димаш Құдайберген өткен жылы Қытайдың «Singer2017» ән байқауына қатысып 2-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, отандасымыздың ерекше дауысы қытайлық тыңдармандардың жүрегін жаулап, аз уақытта сол елдегі ең танымал әншіге айналды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар