16 қар, 2018 сағат 10:54

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жария етті

Синоптиктер алдағы демалыс күндері 17-19 қарашаға арналған болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, ауқымды және күшті антициклон Қазақстан аймағының басым бөлігіндегі суық ауа райын ұстап тұрады.

Еске сала кететіні, ең төменгі түнгі ауа температурасы минус 10...18°С градус, республиканың оңтүстік жартысында кей жерлерде минус 20...28°С градус белгіленді, ол климаттық нормадан 8...15°С градус төмен.

Алайда Батыс Сібірдің және Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік жартысы арқылы жылжыйтын атлантикалық циклондардың әсерінен, Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа массасы келіп жетеді. Соның салдарынан демалыс күндері температура жоғарылайды деп болжанады.

«Сондай-ақ, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы секундына 15...20 метр шамасында болады. Еліміздің оңтүстігінде әзірше қар жаумайды, бірақ температураның жоғарылауы күтіледі, ал оңтүстік-шығыста жексенбіде және дүйсенбіде әсіресе таулы аймақтарда қар жаууы ықтимал», - делінген хабарламада.