#
#
Дүйсенбі 14/10/2019

Шет елдегі қазақтар ана тілін ұмытпауы керек

  • 29.03.2019
  • 0
  • 4273

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы тілдерді қолдану мен дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2016 жылдан бері «Шетелде тұратын қазақ диаспораларымен байланыс» жобасы аясында Ресей Федерациясының Орынбор облысында тұратын қазақтардың ана тілін  сақтап қалуына және дамытуға қолдау көрсетіп, ана тілін оқытып жүрген мұғалімдерге оқу-әдістемелік көмек беріп келеді.

«Тіл – ынтымақтастық арқауы» тақырыбында өткен шарада қазақ тілі мәселесіне қатысты көптеген мәселелер қозғалып, тың тақырыптар талқыланды.

Осындай шаралар қандастарымыздың ана тілін дамыту, салт-дәстүрімізді сақтау, мәдени және басқа да қарым-қатынастардың қалыптасуына ықпал етіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деген пікірдеміз.

Кездесуден зор әсер алған қатысушылар пікірлері мен жылы лебіздерін білдіріп жатты. Орынбор халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілдігінің басшысы, Орынбор облысының «Халықтар достастығы үйі» қоғамдық  ұйымының төрайымының Сәуле Совхозовна Таикешованың айтуынша, мұндай кездесулер жиі болып тұрса, халық арасында рухтық байланыс үзілмек емес. Тілге деген құрмет оған деген қызығушылықты арттырудан басталады, ал өз кезегінде Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары конференцияға қатысушылар арасында ойындар мен тренингтерді қызықты етіп өткізе білді. Олардың тіл үйретудегі методикалық тәсілі ұтымды деп білемін»- деп сөзін аяқтады.                 

«Атамекен» мәдени орталығының төрағасы Куклеев Бисенғали Габбасұлы: «Елдердің арасында шекара сызылса да, халықтардың арасында ешқашан шекара болмауы қажет. Біз Қазақстанда болып жатқан жағымды жаңалықтарға бірге қуанып, келеңсіз жайттар болса олармен бірге қайғырамыз. Біз ұлттық сал-дәстүрден, құндылықтарымыздан сырт қалғымыз келмейді. Бүгінде қазақ елінде латын әліпбиіне көшу процесі басталды. Енді біздің балаларымыз латыннегізді қазақ тілін үйреніп, білсе деген ниетіміз бар. Себебі, біз қазақ елінің бір бөлшегі болып қалғымыз келеді», - деген ойын айтты.

Сонымен қатар, бұл кездесуге оқытушылардан бөлек, мешіт имамы да келіп төбе көрсетті.

Экспериментальный ауылындағы Донгуз мешітінің имамы Сагнай Бурумбаев: «Біз тілімізден, дінімізден айырылмауымыз керек, осындай шаралар жиі болып тұрса бізге үлкен қолдау болар еді» - деген тілекпен келесі кездесу болған жағдайда қонақ кәдеге діни кітаптар сұарды.

Іс-шара барысында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы тілдерді оқыту оралығының әдіскерлері мен оқытушылары қазақ диаспорасының өкілдеріне арналған қазақ тілінен ашық сабақтар, лингвистикалық тренинг, викториналық ойындар жүргізді.

Бұл игі бастама Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылдан бастап  өткізіліп келеді. Тілдерді оқыту орталығы Ресейдегі қандастарымыздың қазақ тілін үйренуіне алғышарт ретінде Ресейде көп қолданылатын «Вконтакте» әлеуметтік  желісінде парақша ашып, тіл үйрету сабақтары мен тапсырмаларды жариялап отырады.

Алдағы уақыттағы басты міндеттердің бірі осы рухани байланысты нығайту болмақ.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар