#
#
Сейсенбі 22/10/2019

Шариғаттың негізгі және түпкілікті мақсаты

  • 25.07.2019
  • 0
  • 1014

Бүгінгі күні ҚМДБ Азаматтарымыздың бойында ислам туралы дұрыс көзқарасты, патриотизмді қалыптастыру, қазақстандық мұсылмандарды Әбу Ханифа мазхабының төңірегіне біріктіру мәселелері өзіміздің ұлы ислам ойшылдарымыздың мұраларын зерттеу, сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен руханияты үшін Әбу Ханифа мазхабының тарихи маңыздылығын ғылыми тұрғыда негіздеу салаларында кеңінен зерттеу жұмыстарын қолға алуды көздейді.

Ол үшін ҚМДБ мен бірқатар қазақстандық исламтанушылар қазірдің өзінде осындай жұмыстар жүргізіп отыр. Оны сөзсіз кеңейтіп, жүйелендіру қажет. Сондықтан, бұл жерде Ғұламалар кеңесі үйлестіруші рөл атқаруы керек.

Шариғаттың негізгі және түпкілікті мақсатының өзіне сай ерекшеліктері бар және олар үш топқа бөлінеді:

Дарурият – адамзат үшін бірінші қажеттіліктер;

Хажият – адамзат үшін өмірлік қажеттіліктер;

Тахсният – молшылық және өмірді жақсарту.

Шариғат Құран мен Сүннетке негізделе отырып базалық бес түпкілікті мақсатқа шақырады:

- діни сенімді қорғау;                    

- жанды қорғау;

- сананы (ақыл) қорғау;

- ұрпақты қорғау;

- мүлікті қорғау.

Діни сенімді қорғау.

Құран Кәрімнің Исра сүресінің 23 аятында: «Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті» - деп, бұйырады. Дінді қорғау шариғаттың түпкілікті мақсаты болып бірінші кезекте келесіні қамтиды. Олар, ар-ұждан еркіндігі және дін ұстану бостандығы, адам құқығы мен бостандығы.

Жанды қорғау.

Адам Жаратушының алдында өзінің осы әлемдегі өмірі үшін жауапты. Саналы ақылы және мықты денсаулығы бар адам маңдай терін төгіп адал еңбек етуі тиіс және басқаларына материалдық тұрғыдан тәуелді болмауы керек. Сонымен қатар, мұқтаждарға қол ұшын беру, кедейлерге, қаріптерге, кәрілігі жеткендер мен жетімдерге көмектесу діннің негізгі тіректерінің бірі болып саналады.

Сананы (ақыл) қорғау.

Дін ілімінің негізі бойынша, есірткіш және алкогольдік заттарды қолдануға қарсы біздің тәнімізді Жаратушы жаратты және тек қана Оған тиесілі. Сондықтан, тәнге зиян тигізетін нәрсенің бәріне тиым салынады. Өз өзіне қол жұмсау және осыған итермелейтіннің барлығы тиым салынған (харам) болып табылады.  Әртүрлі тәсілдермен мәңгүрт қылу және т.б. да  харам амалға жатады. Сананы қорғау барлық адамның лайықты білім алуы, соның ішінде жоғары білім алуды, білім және ғылымды, мәдениет және өнерді қамтиды.

Ұрпақты қорғау.

Ислам және отбасы. Ислам жер бетінде өмір сүрудің белгілі ережелерін Құран арқылы адамдарға көрсетіп берді. Ер кісілердің әйелінің алдындағы жауапкершіліктері және әйел адамның күйеуінің алдындағы жауапкершіліктері болады. Ер адам отанын және бала-шағасын қорғауға міндетті. 

Мүлікті қорғау.

Мүлік адам бостандығының материалдық негізі. Адам баласының адал еңбекпен тапқан мүлікті иеленуіне және оны басқаларының заңсыз тартып алуынан қорғауға құқығы бар. Мемлекет белгілеген заңдар шеңберінде және діни үкімдермен бекітілген әртүрлі алымдардан (салық, зекет, садақа, қайырымдылық кқмек көрсету) бас тартуға құқығы жоқ.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесімен бірлесе отырып, діни ұстанымдар мен пәтуаларға бақылау жасауды күшейтуі маңыздылыққа ие болып отыр. Білікті маман ретінде дінге сенушілерге діни ілімнің тәжірибелерін түсіндіріп отырулары керек, қоғамдық өмірдің өзекті жағдайларын ескерулері тиіс. Сондықтан, олар қазіргі заманғы қазақстандық заңнамаларға қатысты болуы қажет. Бұдан басқа, уағызшылар исламдық догманың негізінде жалған исламдық ілімдердің мағынасын дәлелді әрі дәйекті түрде ашып көрсетулері керек.

Имамдар мен ҚМДБ қызметкерлерінің дінге сенушілермен тікелей жұмыс жүргізу істерін жолға қойылды. Мұндай жұмыс ең алдымен мешіттерде орнауы керек. Имамдар тек бес уақыт намаз оқумен ғана шектелмеуі керек. Мешіт ежелден бері тек ғибадат жасау орны ғана болған жоқ қой. Исламдағы мешіт, бұл мұсылман қауымының мәдени, қоғамдық және саяси орталығы. Мұнда барша ислам тарихының дәуірінде ислам қауымның барлық мүшелеріне қатысы бар шешімдер қабылданып, олар жария етіліп отырған, мұнда соңғы жаңалықтардан хабардар болып отырған, бір-бірімен танысып, әңгіме-дүкен құрған.

Осы тұрғыда, имамның мешіттегі рөлі тек рәсімдік тәжірибелерді ғана жасаумен шектелмеуі тиіс. Имам дінге сенушілермен әңгімелесулері керек, ислам ілімі мәселелері сияқты әлемдік өмірдің проблемаларымен де бөлісу үшін осындай әңгімелесулердің күн тәртіптерін жасау керек. Ол үнемі адамдармен жұмыс жүргізуі керек, ол тартымды әрі қызықты болуы керек. Сондай-ақ, БАҚ-дағы жағдай сияқты ҚМДБ халық арасында барлық деңгейдегі имамдардың беделінің рейтінгісін мерзім сайын жаңалап отыру қажет. Оның ішінде мешітке келіп тұратын дінге сенушілер арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізу керек. Мұндай сауалнамалар дінге сенушілердің көңіл-күйлері мен қызығушылықтарына монитоинг жүргізуге мүмкіндік береді. Мониторингтің нәтижесін ескере отырып, тиісті шаралар қабылдау қажет болады.

Осымен бірге, мүфтияттың БАҚ-мен жүргізетін жұмысының тиміділігін арттыру маңызды болып отыр. ҚМДБ тарапынан осындай БАҚ-ның редакциялық саясатына бақылау жасауын күшейту қажеттілігі туындауда. ҚМДБ баспа басылымдары мен интернет сайты тек діни мәселелерді ғана емес, сонымен бірге зайырлы мәселелерді де жариялау керектігі маңызды болып отыр. Мұндай материалдар қызықты етіп әзірленуі керек, әлеуметтік психология заңдарын ескере отырып, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы аудиторияға жеткізілуі керек. ҚМДБ тәуелсіз әлеуметтік сауалнама жұмыстарының көмегімен рет-ретімен өз БАҚ-ның рейтингісін жаңалап отыруы керек. Осындай мониторингтің нәтижелерін ескере отырып, тиісті редакциялық түзетулер енгізуі қажет. 

ҚМДБ исламдық ілім мен ниеті адал, мемлекетке сеніммен қарайтын азаматтар арасында білікті топтар жасақтау қажет және тұрақты негізде осы топтардың мүшелерінің республика мешіттерінде дінге сенушілермен кездесулерін өткізуді қамтамасыз етуі керек. Онда исламның ханафиттік мазхабының негіздерін, жалған исламдық радикалды идеялардың қауіптілігін, басқа да мазалап жүрген мәселелерге түсінік беретін болады. Мұндай топтар имамдарға халықпен жұмыс жүргізу кезінде ерекше қолдау көрсететін болады.

Бұдан басқа, ҚМДБ-ның қоғамның өзекті әлеуметтік проблемаларынан алшақтығын игеру қажеттілігі орын алып отыр. Әлемдік тәжірибе ірі-ірі конфессиялар мен діни ұйымдардың әлеуметтік доктрина деп аталатын құжаттары бар екенін дәлелдеп отыр. Ол, конфессияның зайырлы өмірдің өзекті мәселелеріне қатынастары көрсетілген құжаттар.

ҚМДБ-ның да Ғұламалар кеңесімен бірлесе отырып, осындай әлеуметтік доктрина әзірлеуіне болады. Мұндай құжат қазақстандық ислам ілімінің ұстанымдарын негізге ала отырып, мұсылмандардың зайырлы қоғамның маңызды мәселелеріне деген қатынастарын ашып көрсетуі қажет (мемлекет, адам құқықтары, соғыс пен бейбітшілік, салауатты өмір салты, басқа ұлттарға, діндерге, жалған діни ұйымдарға деген қатынас, мораль мен имандылық, білім, ғылым, мәдениет және т. б.). Осы орайда, өзара үндестікке қол жеткізуге, исламдық құндылықтары мен қазіргі заманғы зайырлы қоғамның принциптері, оның шынайылығы арасындағы өзара қабысу нүктесін табуға, жаңғыруға мүмкіндік туғызуы қажет болады.

(Материал ҚМДБ-ның мақұлдауымен жарияланды)

 Ағабек Қонарбайұлы,

ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар