#
#
Бейсенбі 09/04/2020

Серік Сәлменов дзюдодан Еуропа кубогінің қола жүлдегері атанды

  • 17.02.2020
  • 0
  • 137

Австрияның Оберварт қаласында өткен Еуропа кубогінде қазақстандық Серік Сәлменов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

100 келіге дейінгі салмақта белдескен балуан кіші финалда швейцариялық Имала Оттоны жеңді. Жарыс барысында ол барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті. Тек жартылай финалда Бразилия өкілі Рафаель Бузакариниге есе жіберді.

Айта кетерлігі, Обервартта өткен Еуропа кубогін Қазақстан құрамасы екі қола жүлдемен аяқтады. Жарыстың бірінші күнінде Қанат Сейілхан (60 кг) қола жүлдені қоржынға салған еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар