13 қар, 2019 сағат 17:10

Сабақтың тоқтатылуы мен жолдардың жабылғанын хабарландыратын мобильдік қосымша жасалды

Қазақстанда жолдардың жабылуы, сабақтардың тоқтатылуы және сейсмикалық қатерлер туралы хабарландыратын мобильдік қосымша жасалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «I2NIK» компаниясымен бірлесе отырып, «Darmen» мобильдік қосымшасын іске қосты. Ол дауылды гидрометеорологиялық құбылыстар, сейсмикалық қатерлер, қысқы кезеңде автомобиль жолдарының жабылуы, республиканың барлық аумағындағы профилактикалық және басқа да іс-шаралар туралы халықты уақытылы хабардар етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қысқы кезең басталғаннан кейін аталған қосымша мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептерде сабақтардың тоқтатылғаны туралы хабар таратады», - деп атап өтеді ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметінен.

«Darmen» мобильдік қосымшасы «Play market /darmen/» және «App store /darmen/» жүктеу үшін қолжетімді. Қосымшаны жүктегеннен кейін тиісті өңірді таңдау қажет. Жедел хабарлама push-хабарламалар арқылы жеткізіледі.