03 там, 2018 сағат 08:35

Республикалық бірыңғай медиация күні өтеді


3 тамыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылданған күніне орайластырып,  «Республикалық бірыңғай медиация күнін» өткізеді.

Сағат 10.00-ден бастап еліміздің барлық өңірлерінде  облыстық және қалалық Достық үйлері алаңшаларында, Ассамблея қоғамдық келісім кеңесінің аудандық және ауылдық округтерінде ҚХА медиация кабинеттерінің Ашық есік күні өткізіледі. Іс-шара барысында медиация жөнінде кеңестер беріледі және тегін негізде (қажет болған жағдайда) медиативтік келісімдерге қол қойылады

Бір уақытта жоғарғы оқу орындар мен колледждердің ҚХА кафедраларында, мемлекеттік органдарда, «Нұр Отан» партиясында, профсоюз федерациясында және бюджеттік мекемелерде семинарлар, «дөңгелек столдар», форумдар, клуб отырыстары, азаматтарды қабылдаулар, тұрғындармен кездесулер, флеш-моб және тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Акцияға кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, Қазақстан халқы Ассамблеясының, соттардың, прокуратураның, заң органдарының, адвокатураның, нотариаттың, «Нұр Отан» партиясының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, АХАЖ органдарының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының, БАҚ-тың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысады.

Іс-шара шеңберінде ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері тұрғындар арасында медиация дамуының өзекті мәселелері бойынша блиц-сауал жүргізетін болады.

Айта кетсек, медиация институтының дамуы - қоғамдық сананы жаңғыртудың бірден-бір жолы.

Азаматтардың кез-келген жанжалды шешу барысындағы ымыраға келуге дайындығы азаматтық жетілу мен жауапкершілігінің көрсеткіші болып табылады, қоғамның құқықтық мәдениетін дамыту деңгейін көтереді, Қазақстанның қоғамдық тұрақтылығы мен барлық әлеуметтік құрылымының беріктігін қамтамасыз етеді.  

Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың, қоғамда прагматизмді қалыптастырудың, білім культінің, бәсекеге қабілеттіліктің, Қазақстанның эволюциялық дамуының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Осыған байланысты Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық медиацияның дамуына қатысуы туралы тапсырмасы Қазақстан халқының бірлігін нығайту бойынша жаңа қадам болып табылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңға сәйкес ҚХА қызметтерінің негізгі бағыты қоғамдық келісім және жалпыхалықтық бірлік саласындағы медиацияның дамуына ықпалдасу болып табылады.

Жанжалдардың алдын алу және оларды шешу, халықтың құқықтық мәдениетін нығайту үшін медиаторлар желісін дамыту  шеңберінде Ассамблея Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен, Судьялар одағымен, Республикалық адвокаттар алқасымен, республикалық Нотариалдық палатамен, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау палатасымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және тағы басқа да 40-тан астам тараппен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Облыстық және қалалық Достық үйлерінде ҚХА-ның  17 медиация кабинеті жұмыс істейді. Аудандар мен ауылдық округтерде  829 медиация кабинеті бар,   сондай-ақ медиация мәселелері ҚХА қоғамдық келісім және аналар кеңестері алаңшаларында қаралады.  

Бүгінде Қазақстанда  қоғамдық (кәсіби емес) медиаторлардың саны 3169 адам болды, 2016 ж.- 1097, 2017 ж.- 3562 болатын.

Республика бойынша шешімін тапқан даулардың саны:

- 2016 жыл: медиаторлар - 7990, соттарда шешілген – 12039;

- 2017 год: медиаторлар - 8355, соттарда шешілген -7724.

2018 жылдың 5 айы ішінде келіп түскен өтінімдер саны 9213, олардың 3046-сы кеңес беру кезінде шешімін тапқан, 6117-сі бойынша (2528-ін кәсіби емес медиаторлар (1739-ы сотқа дейін, 789-ы сотта) және 3589-ын кәсіби медиаторлар   (2175-і сотқа дейін, 1414-і сотта) медиациялық келісімдер жасалған.