29 қаң, 2017 сағат 18:38

Ресейде Путин есімді баланың Шойгу атты бауыры дүниеге келді

- Ресейдің Владимир облысында жаңа туған балаға РФ Қорғаныс министрінің құрметіне Шойгу есімі берілді, деп жазады РИА Новости.

Баланың толық есімі - Шойгу Хурмедович Джураев.

Бұған дейін осы әулетте Расул есімді баланың атын Путин деп өзгерткен болатын. Жаңа туған Шойгу мен кішкене Путин екеуі немере ағайынды болып келеді.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, балаларға есімді атасы - Рахмон Джураев таңдаған. Ақсақалдың айтуынша, әулет оның атын Шойгу деп қою туралы шешімді сәби дүниеге келмес бұрын қабылдап қойған екен.

Джураевтар әулеті Владимир облысы Александров ауданы Легково ауылында тұрады. Олар Тәжікстаннан көшіп келген және Ресей азаматтығын алған.