19 қаз, 2019 сағат 09:24

Ресейде бөгет бұзылып, 12 адам опат болды

Ресейдің Красноярск өлкесінде бөгет бұзылуынан кемінде 12 адам қаза тапты. Тағы 13 адам табылмай жатыр, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Жергілікті уақытпен түнгі сағат екілер шамасында Красноярск өлкесіндегі Курагин ауданының Щетинкино елді мекенінде Сейба өзенінде алтын өндіруші артель салған бөгет бұзылып кеткен, тасыған су жұмысшылардың уақытша салған екі жатағын шайып кеткен.

«12 адам қаза тапты», - деп мәлімдеген елдің Төтенше жағдайлар министрлігі.

19 адам зардап шеккен, 13 адамның жағдайы анықталып жатыр.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.