#
#
Жұма 06/12/2019

Ресей колледждері 100-ге жуық мамандықты алып тастайды

  • 12.08.2019
  • 0
  • 459

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ресейдегі колледждерде мамандықтардың тізімі өзгереді. Бұл туралы «Российская газетаға» интервьюда ағарту министрі Ольга Васильева айтты, деп жазды lenta.ru.

Соңғы бес жылда талапкерлердің сұранысы болған 100 позиция мамандықтар тізімінен алынып тасталады. Олардың арасында: «эмаль ыдыс даярлау», «қағаз өндірісінде құрғатушы», «тоқымашы», «кестеші», «электрон техника заттарын жинау» және «радиооператор» бар.

Министрдің айтуынша, кейбір мамандықтар ескірді, кейбірі жоғалды, үшінші біреуін қысқамерзімді курстардан меңгеруге болады.

Олардың орнына басқа мамандықтар келеді: «мехатроника және мобильді робот техникасы», «аддитив технологиялар», «техникалық эксплуатация және роботталған өнімді баптау» және графикалық дизайн.

Бұған дейін Ресейде 2030 жылға қарай бірнеше мамандық жоғалып, 15 миллион адам жұмыссыз қалатыны белгілі болған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар