#
#
Дүйсенбі 22/07/2019

Радикалды құрылымдардың астыртын әрекеттері

  • 07.06.2019
  • 0
  • 66

Қазақстандық қоғамның санасында қазіргі күндегі өмір сүру салтына теріс көзқарас қалыптастыру мақсатын көздейтіндер де осы радикалды ұйымдардың идеяларына дем берушілер екені белгілі. Осындай астыртын әрекеттер теріс идеяларды таратушылар мен террористік ұйым қатарының көбеюіне ықпал етеді. Ал мұндай топтар ел аумағында терроризм қолшоқпарлары ретінде пайдаланылады. Мұндайда, әлбетте, әр ұйымның өз идеологтары белсенді жұмыс істейді. Осы орайда террористік ұйымдардың идеологтары зайырлы ұстанымы қалыптаспаған, діни білімі төмен және әлеуметтік-экономикалықтары бар (немесе жиі болатын) қиындықтарға жиі ұшырайтын жастарды ерекше назарда ұстайды. Өйткені олар осындай адамдар арқылы өз мақсатын жүзеге асырып, солар арқылы зорлық-зомбылықты үгіттейтін экстремизм идеялары таңылатын және теріс ақпараттық кеңістік құрылатын интернетресурстар мен әлеуметтік желілер кең қолданылады. 

Қарапайым адамдарды ғана емес, террористік ұйымдардың идеологтары өз мақсаттарын БАҚ өкілдері арқылы да тықпалап қалуға тырысады. Бұл мақсатта олар тілшілердің ақпараттық технологиялар туралы хабарының аздығын және олардың терроризм тақырыбына асқан қызығушылығын пайдалана алады. Осылайша экстремистер БАҚ өкілдерін өздерінің террористік идеяларын тарату үшін байқатпай пайдалануға тырысады. Өйткені, өкінішке қарай, Қазақстандық БАҚ әлі де болса террористік ұйымдардың шетелдерде дайындаған астарлы ақпараттық акцияларын толыққанды ажыратып алуға дайын емес. Мәселен, радикалдық құрылымдардың әрекетіне  қатысты қоғамның теріс пікірін қалыптастыруға бағытталған  терроризмнің өзекті тақырыптарын жариялау, керісінше, кейде терроризмді насихаттайтын ақпараттың таралуына жол ашып береді. Оның себебі тілшілер жаңалықтар дайындау кезінде БАҚ оқиғалардың көріністік тартымдылығына көбірек мән беріп кетеді. Бір мысал келтіре кетсек, мәселен, «Казахстанские муджахиды объявили джихад против продавцов ковров, и расстреливают мирно сидящих людей у себя на лавке» деген атпен Сириядағы Қазақстан лаңкестерінің қатысуымен түсірілген тыйым салынған бейнеролик Facebook әлеуметтік желісінде көрініс тапты.  Жоғарыда аталған сарындағы материалдардың ашық және кеңінен жариялануы террористік ұйымдардың қызметін насихаттауға, Қазақстандағы әсіре діндарлардың радикалдануына және олардың басқа елдердегі қарулы қақтығыстарға қатысу ниетін тудыруға түрткі болады. Ал халықаралық террористік ұйымдардың телейтіні де осы екені жасырын емес.

Ал енді осындай ақпараттар аясында қоғамда дұрыс идеологиялық жұмыстар жүргізілу керек. Ол үшін, теолог мамандар төрт бағытты ұсынады. Әр бағытты жеке талдап, жеткізсек:

Бірінші – «Зайырлы мемлекет және жоғары руханилық» бағыты. Бұл бағыттағы идеологиялық жұмыстарда еліміздің барлық салаларында зайырлылық қағидаттарын дамыту қажеттілігіне басымдық беру қажет. Осы тұрғыда зайырлы және индустриалды-инновациялық мемлекет Қазақстан болашағы, ал рухани және діни құндылықтар мемлекеттің барлық салаларын дамыту мен елдің жалпы гүлденуіне жағдай жасайтынын қоғам санасына сіңдіру маңызды. Осының аясында зайырлылықты сонымен бірге дамуға, адам құқықтарының сақталуына және елдің демократиялық болашағына бағыт деп түсіну керек.

Екінші – «Бірлік пен келісім – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» бағыты. Бұл бағыттағы идеологиялық жұмыстарды жүзеге асыруда азаматтарды еліміздің тәуелсіздігінің арқасында Қазақстанда берік орныққан конфессияаралық келісім арқылы қол жеткізген жетістіктерді сақтау мен дамыту қажеттілігіне бұруымыз қажет.

Үшінші – «Патриотизм, ұлттық дәстүрлер мен мәдениет – ұлтымыздың рухани іргетасы» бағыты. Бұл бағыттағы идеологиялық жұмыстарда тұрғындардың санасына отансүйгіштік пен тарихи сананы, азаматтардың болашаққа қатынастағы оңды рухани-адамгершілік бағдарларының құрамдас бөліктері ретіндегі ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті сақтау мен дамыту қажеттілігін жүйелі түрде сіңіре беру аса маңызды.

Төртінші – «Радикализммен және экстремизммен күрес – бүкіл қоғамның міндеті» бағыты. Бұл бағыттағы идеологиялық жұмыстарда қоғам назарын мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизм мен терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне біртұтас шепте қарсы шығу керектігіне бұру қажет. Сондықтан, халықтың құқықтық және дінтанулық сауаттылығын қамтамасыз ету маңызды. Ол бұлар өз кезегінде дін атын жамылған деструктивті және экстремистік идеологияға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастырудың кепілі мен негізіне айналуы керек. 

Міне, аталған төрт бағыт қоғамдағы идеологияны дұрыс жүргізуге жол істеп, ел аумағында экстремистік-террорстік әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Аида Жарасқан

Теги: әрекеттері, астыртын, Радикалды құрылымдар

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар