09 қар, 2018 сағат 12:44

Полиция жедел жәрдем жүргізушісін ұрған түрікті жер аударуды талап етуде

Алматы полициясы жедел жәрдем жүргізушісін соққан түрікті елден қумақшы.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, Көші-қон басқармасы 2 қарашада Әуезов аудандық сотына арнайы шағым түсірген. Полиция түрік азаматы Әли Демирдің қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты оны елден шығаруға арызданды.

Түрік азаматы Әли Демир ҚР ӘқбК 606-бабының 1-бөлімімен, 230-бабының 2-бөлімімен, 517-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған-ды.

Еске салайық, Алматыда жолды бөлісе алмаған Түркия азаматы жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан болатын. Көп ұзамай полицейлер 1990 жылы туған түркиялық азаматты анықтап, уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізді.

Біраз уақытқа созылған соттан соң  жедел жәрдем жүргізушісі Түркия азаматын кешірді.