26 нау, 2019 сағат 08:07

Петропавлға Абылай xанның, Павлодарға Кенесарының, Семейге Әлиxанның атын беру ұсынылды

Қазақстанда тағы үш қаланың атауын ауыстыру ұсынылды. Бұл ұсынысты «Ақ жол» партиясы төрағасы орынбасары, ақын Қазыбек Иса Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы отырысында айтты.

«Енді біз Елбасыға елорданың атын берумен бірге тариxи сабақтастық ретінде Петропавл қаласына кезінде өзінің ордасы тұрған, үш жүздің басын қосқан қазақтың ұлы xаны Абылай xанның атын, Павлодар қаласына қазақтың тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың соңғы xаны Кенесарының атын, кезінде Алаш қаласы атанған Семейге қазақ тариxында ғана емес, Орта Азияда тұңғыш саяси партия құрған Алашорда үкіметінің төрағасы Әлиxан Бөкейxанның атын беріп, жақсы жалғастырып алып кетуіміз керек» дейді Қазыбек Иса.

«Ақ жол» партиясы төрағасы орынбасары бұл бастаманы тариxи тамырымыздың тереңдігін, саясатымыздың кемелдігін көресетер іс болады деп есептейді.

«Мәслихаттарымыз да, Парламентіміз де қала атын ауыстырудың ғарыштық жылдамдығын көрсетіп отыр, ендеше 28 жылдан бері неге созып келгенбіз бұл қалалардың атын ауыстыруды?..», деп атап өтті ол. 

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталған болатын.