05 жел, 2019 сағат 11:32

Пара алған бас маман 26 млн теңге айыппұл төлейді

Нұр-Сұлтан қалалық көліктік бақылау инспекциясының бас маманы С. Айдаркенов пара алғаны үшін айыпталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі ірі габаритті тасымалдау субектілеріне жалпы қамқорлық жасау үшін олардан жүйелі түрде пара алу күдігі бойынша «Нұр-Сұлтан қалалық көліктік бақылау инспекциясы» РММ-нің бас маманы С. Айдаркеновке қатысты тергеуді аяқтады», - деп атап өтеді Жемқорлықпен күрес қызметінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, 3 желтоқсанында № 2 Байқоңыр аудандық соты үкімімен C.Айдаркенов бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды және 26 млн 250 мың теңге айыппұл төлейтін болады.