11 шіл, 2018 сағат 11:46

Өз баласын тұтқынға алған талдықорғандық жындыханаға жатқызылды

Талдықорғанда баласын тұтқынға алып, қоқан-лоққы көрсеткен ер адам психиатриялық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Азамат психиатриялық ауруханаға тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы бойынша тергеу ісі басталып кетті. Бұған дейін күдікті ешбір жерде есепте тұрмаған», - деді облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, 10 шілде күні Алматы полицейлері туған әкесі тұтқынға алған баланы құтқарып, аман алып қалған. 

Дәл қазір баланың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.