#
#
Сейсенбі 25/09/2018

"Отпанға кел, көргің келсе амалды..."

  • 26.02.2018
  • 0
  • 1504



ОРНЫҢНАН, АДАЙ, ТҰРАРСЫҢ... 
(Бабадан қалған ескі жыр сарынның ізімен) 

Жалпы Алашқа, Адайға және Құнанорыс (Ырысқұл) Ата ұрпақтарына арнаймын. Амал мерекесіне жыр шашуым болсын. Биыл (2018) Құнанорыстар Ту көтеріп Алашты Отпан тауға, бірлікке бастайды. Алла барша Қазаққа абырой берсін! 

Автор 

Жал – жал да биік жар құмдар,
Жаныңда сенің зар-мұң бар.
Атамды көрген анау жыл,
Атан да өркеш нар құмдар.

Баласын нарлар қарпыған,
Заманның зауал зарпынан.
Белдеуде тұрған көкмойнақ
Ерлерді іздеп тарпыған.

Ай өтпей жатып жараған,
Күн өтпей тұлым тараған,
Желіден құлын шыңғырып,
Көкмойнақ атқа қараған.

Көкмойнақ кетсе құлын бар,
Көкжалдар кетсе ұлым бар.
Отпан тау – Серттің мекені,
Уәделі жерге бұрын бар.

Ер өлмек , сірә, намыстан,
Ел үшін жаумен алысқан.
Ұл менен қызға қарап тұр,
Атамыз Адай алыстан.

Бабамыз қоныс еткен жер,
Байрағын тігіп кеткен жер.
Ойлаған жанға – Отпан тау,
Алла бір қолдап жеткен жер.

Сүйегің суса шашылып,
Сағақтан жаттың асылып.
Кімдер де келіп кеткен жоқ,
Бақ тайған күні басынып.

Қынадай жаттық қырылып,
Молаға жаттық тығылып.
Қарағай, қайың қара орман,
Өртенді солай жығылып.

Салтанат көрген ел едік,
Қырмызы қызыл бел едік.
Әулие Бекет Пірі бар,
Тасыған топан, сел едік.

Табаннан тозып тілінді,
Жасанған жауға ілінді.
Жолбарыс қайрат ерлердің
Жоқтығы қанша білінді.

Асырып жаудан айласын,
Қаруын ерлер сайласын.
Шейіттер жатыр сауытпен,
Басына қадап найзасын.

Күмбір де –күмбір күй еді,
Күмістен еді тиегі.
Әр жусанның түбінде-
Шалдардың жатыр сүйегі.

Өзегін өртеп от – қайғы,
Садағын сардар оқтайды.
Солардан қалған Маңғыстау,
Ботасын боздап жоқтайды.

Аруана дала боздасын,
Ар өліп, намыс тозбасын.
Сегіз арыс семсер жүр,
Арудың сүртіп көз жасын.

Ананың қалды бұрымы,
Асылдың қалды тұлымы.
Сен ойламай кім ойлар,
Ізінде қалған құлыны.

Салтыңды сақта сардарым,
Сегіз де арыс ардағым.
Ұлтыңның салтын жоғалтсаң,
Тістеулі кетер бармағың.

Отпан да, Отпан, Отпаным,
Жетеді жүйрік жоққа кім?!..
Бардың да біліп бағасын,
Отпанға келіп тоқтадың.

Жүзем деп қарсы ағынға,
Жүрегің күйді жалынға.
Сегіз де Арыс бұл Адай,
Алашқа қамсау қабырға.

Амалдың күні Ас бердің,
Алаштың бәрін қош көрдің.
Алланың құлын ақ тілек,
Шығарып төрге дос көрдің.

Қарашаңырақ тігілді,
Иіліп келін жүгірді.
Құшақ та жайып көрісіп,
Көрсеттің көпке бір үлгі.

Біздерге біткен жүрек бұл,
Жүрек пен сүйдім ..ізет қыл.
Атамыз Адай Отпанда,
Қазаққа БІРЛІК тілеп тұр.

Ер Лабақ елдің айбары,
Ер Шабай қылыш қайрады,
Есен мен Сүгір Ерлерім,
Көгендеп жауды байлады.

Туысқа тәтті тілекпін.
Түсінген жанға жүрекпін.
Құнанорыс Ер Бабам,
Адайдың арын күзеттің.

Сегіз де бірдей ауылмын,
Әруағы бұлттай дауылмын.
Алшынға біткен қылышпын,
Алашқа біткен бауырмын.
Жанбай да менен Жантуған,
Алашты шақыр Отпанға,
Көтеріп туын ДӘУІРДІҢ!

Құнанорыс Ер Бабаң-
Ұлдарын көріп қуансын,
Ұлтын да көріп Ту алсын.
Қазақты қазақ ардақтап,
Дұшпанның жүзі қуарсын.
Атадан туған Ұл болсаң,
Орныңнан Адай тұрарсың!

САБЫР АДАЙ

17.01.2018. 

ОТПАН ТАУҒА ШАҚЫРУ 

Отпанға кел, көргің келсе бірлікті, 
Өмір неге, көңіл неге дүрлікті? 
Маңғыстаудың ақын жаны жырласа, 
Қаратаудың тасына да тіл бітті! 

Отпанға кел, көргің келсе дəстүрді, 
Болмадың ба жібитұғын тас құрлы? 
Жұрт ардақтап бабасының əруағын, 
Бас бұрғанда жанарыма жас тұнды! 

Отпанға кел, көргің келсе киені, 
Тексіз неме қалайша елін сүйеді? 
Шың басында ұрандаған от жанса, 
Жалынына дұшпандарым күйеді! 

Отпанға кел, көргің келсе амалды, 
Түп-негізің қайдан, қашан таралды? 
Көріскенде құшақ жайып ағайын, 
Періштем де алқап тұрды ғаламды! 

Отпанға кел, көргің келсе ғажапты, 
Сен қашанғы көтермексің мазақты? 
Ұмытпаймын азап толған тарихты, 
Ұлықтаймын азат болған қазақты! 

Асылбек ЖАҢБЫРБАЙ, ақын 

АМАЛҒА ШАҚЫРУ

 

Амал табиғатты да, рухымызды да жаңғыртады

 

Сабыр АДАЙ, ақын

 

ОРНЫҢНАН, АДАЙ, ТҰРАРСЫҢ...

(Бабадан қалған ескі жыр сарынның ізімен)

 

Жалпы Алашқа, Адайға және Құнанорыс (Ырысқұл) Ата ұрпақтарына арнаймын. Амал мерекесіне жыр шашуым болсын. Биыл (2018) Құнанорыстар Ту көтеріп Алашты Отпан тауға, бірлікке бастайды. Алла баршаҚазаққаабыройберсін!

Автор

 

Жал-жал да биік жар құмдар,

Жаныңдасеніңзар-мұң бар.

Атамдыкөргенанаужыл

Атан да өркеш нар құмдар.

 

Баласыннарларқарпыған,

Заманныңзауалзарпынан.

Белдеудетұрғанкөкмойнақ

Ерлердііздептарпыған.

 

Айөтпейжатыпжараған,

Күнөтпейтұлымтараған

Желіденқұлыншыңғырып,

Көкмойнақатқақараған.

 

Көкмойнақкетсеқұлын бар,

Көкжалдаркетсеұлым бар.

Отпан тау – Серттіңмекені,

Уәделіжергебұрын бар.

 

Ер өлмек, сірә, намыстан,

Ел үшінжауменалысқан.

Ұлмененқызғақараптұр

АтамызАдайалыстан.

 

Бабамызқонысеткенжер,

Байрағынтігіпкеткенжер.

ОйлағанжанғаОтпан тау –

Алла бірқолдапжеткенжер.

 

Сүйегіңсусашашылып,

Сағақтанжаттыңасылып.

Кімдер де келіпкеткенжоқ

Бақтайғанкүнібасынып?!

 

Қынадайжаттыққырылып,

Молағажаттықтығылып.

Қарағай, қайыңқараорман,

Өртендісолайжығылып.

 

Салтанаткөрген ел едік,

Қырмызықызыл бел едік.

ӘулиеБекетПірі бар,

Тасығантопан, сел едік.

 

Табаннантозыптілінді,

Жасанғанжауғаілінді.

Жолбарысқайратерлердің

Жоқтығықаншабілінді.

 

Асырыпжауданайласын,

Қаруынерлерсайласын.

Шейіттержатырсауытпен,

Басынақадапнайзасын.

 

Күмбір де күмбір күй еді,

Күмістенедітиегі.

Әржусанныңтүбінде

Шалдардыңжатырсүйегі.

 

Өзегінөртеп от-қайғы,

Садағын сардар оқтайды.

СоларданқалғанМаңғыстау

Ботасынбоздапжоқтайды.

 

Аруана-дала боздасын,

Ар өліп, намыстозбасын.

Сегізарыссемсержүр

Арудыңсүртіпкөзжасын.

 

Ананыңқалдыбұрымы,

Асылдыңқалдытұлымы.

Сен ойламайкімойлар,

Ізіндеқалғанқұлыны?!

 

Салтыңдысақта,сардарым,

Сегіз де арысардағым.

Ұлтыңныңсалтынжоғалтсаң,

Тістеулікетербармағың.

 

Отпан да Отпан, Отпаным!

Жетедіжүйрікжоққакім?

Бардың да біліпбағасын,

Отпанғакеліптоқтадың.

 

Жүземдепқарсыағынға

Жүрегіңкүйдіжалынға.

Сегіз де АрысбұлАдай –

Алашқақамсауқабырға.

 

Амалдыңкүні Ас бердің,

Алаштыңбәрінқошкөрдің.

Алланыңқұлынақтілек

Шығарыптөргедоскөрдің.

 

Қарашаңырақтігілді,

Иіліпкелінжүгірді.

Құшақ та жайыпкөрісіп,

Көрсеттіңкөпкебірүлгі.

 

Біздерге біткен жүрек бұл,

Жүрек пен сүйдім... ізет қыл.

Атамыз Адай Отпанда

Қазаққа БІРЛІК тілеп тұр.

 

Ер Лабақ – елдің айбары,

Ер Шабай қылыш қайрады,

Есен мен Сүгір ерлерім

Көгендеп жаудыбайлады.

 

Туысқа тәтті тілекпін,

Түсінген жанға – жүрекпін.

Құнанорыс Ер Бабам,

Адайдыңарынкүзеттің.

 

Сегіз де бірдейауылмын,

Әруағыбұлттайдауылмын.

Алшынғабіткенқылышпын,

Алашқабіткенбауырмын.

ЖанбаймененЖантуған,

АлаштышақырОтпанға,

Көтеріптуын ДӘУІРДІҢ!

 

Құнанорыс Ер Бабаң

Ұлдарын көріп қуансын,

Ұлтын да көріп Ту алсын.

Қазақтықазақардақтап,

Дұшпанныңжүзіқуарсын.

АтадантуғанҰлболсаң,

Орныңнан,Адай,тұрарсың!

17.01.2018.

 

 

Асылбек ЖАҢБЫРБАЙ, ақын

 

ОТПАН ТАУҒА ШАҚЫРУ

 

Отпанға кел, көргің келсе бірлікті,
Өмір неге, көңіл неге дүрлікті?
Маңғыстаудың ақын жаны жырласа,
Қаратаудың тасына да тіл бітті!

 

Отпанға кел, көргің келсе дəстүрді,
Болмадың ба жібитұғын тас құрлы?
Жұрт ардақтап бабасының əруағын,
Бас бұрғанда жанарыма жас тұнды!

 

Отпанға кел, көргің келсе киені,
Тексіз неме қалайша елін сүйеді?
Шың басында ұрандаған от жанса,
Жалынына дұшпандарым күйеді!

 

Отпанға кел, көргің келсе амалды,
Түп-негізің қайдан, қашан таралды?
Көріскенде құшақ жайып ағайын,
Періштем де алқап тұрды ғаламды!

 

Отпанға кел, көргің келсе ғажапты,
Сен қашанғы көтермексің мазақты?
Ұмытпаймын азап толған тарихты,
Ұлықтаймын азат болған қазақты!

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар