#
#
Жұма 15/11/2019

Ортағасырлық тарихты зерттейтін кадрлар тапшы - Нұрлан Атығаев

  • 25.10.2019
  • 0
  • 895

Ортағасырлық деректермен жұмыс істеу өте күрделі екенін ескеру керек. Бұл туралы тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлан Атығаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ХІІІ ғасырдан басталған Жошы ұлысының тарихы ХVІІІ-ХІХ ғасырға дейін жалғасты. Өйткені, көп жағдайда тарихшылар Жошы ұлысының тарихын Алтын орда тарихымен байланыстырады. Негізінен Жошы ұлысы географиялық термин ретінде қолданылып кетті. Сондықтан, бұл – үлкен тарих. Алтын орда құлағаннан кейін Жошы ұлысы құлап қалмай, кейінгі кезеңдерге жалғасты», - деді Нұрлан Атығаев «Жошы ұлысы тарихының мәселелері» VІІ тарихшыларының ұлттық конгресінде.

Тарихшының айтуына қарағанда, Жошы ұлысының тарихы – түркі халықтарына ортақ тарих.

«Ортағасырлық деректермен жұмыс істеу өте күрделі екенін ескеру керек. Себебі, мұнымен айналысатын мамандар Қазақстанда өте аз. Екіншіден, бұл сала көп қаражатты талап етеді. Шетелде, әсіресе Еуропада тарихтың бұл кезеңін талмай зерттеп жатқандар баршылық. Өйткені, әрбір шетелдік кітапханада жұмыс істеу үшін ол жақта апталап, айлап жатып еңбектену керек. Сонымен бірге, бізде кадрлық мәселелердің де өткір екенін айта кеткен абзал. Нақты ортағасырлық тарихты зерттейтін кадрларды дайындау мәселесі бар. Мәселен, бізде шығыстану фаультетін бітіретін студенттер парсы, араб тілдерін білгенімен ғылымға келгісі жоқ. Бір сөзбен, 60-70 мың теңге айлықпен жүргісі келмейді», - деді ол.

Нұрлан Атығаевтың сөзіне сенсек, тарихты зерттеуде аздап кешеуілдеп жатқанымызды айтады.

«Мәселен, Алтын орданың 750 жылдығына байланысты өткен үлкен халықаралық форумға қатыстым. Қазір татарлар өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Олар орта ғасырлық деректердің бірнешеуін аударып, жақында Рашид ад-Диннің еңбегін орыс тіліне аударды. Қолжазбаларды аудара бастады. Сондықтан, біз татар, түркі халықтарымен бірлесе, көштен қалмай тарихты зерттеуіміз керек», - деді Нұрлан Атығаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар