18 жел, 2017 сағат 15:57

Оның жарқын бейнесі ұлт жадында қалады – Назарбаев Құман Тастанбеков туралы

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық әртісі, танымал актер Құман Тастанбековтің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы көрнекті театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтің дүниеден өткеніне орай көңіл айтты.

Жеделхатта Қ.Тастанбековтің отандық театр және кино өнерін дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі атап көрсетілген.

«Оның жарқын бейнесі мен ұлт өнеріне сіңірген еңбегі халық жадында әрқашан сақталатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, "Қыз Жібек" фильмінде Төлегеннің рөлін сомдаған актер, халық әртісі Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков қайтыс болды.