09 қыр, 2017 сағат 16:02

"Нью-Йорктың үздік полицейі" Димаш Ниязов қарсыласын сабасына түсірді (видео)

Астана қаласында өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Димаш Ниязов бразилиялық Эдуардо Перейраны жеңді.

Нью-Йорктың үздік полицейі, Шымкенттің тумасы Димаш Ниязов 12-ші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.

Салмақ өлшеу рәсімінде қос боксшы төбелесіп қала жаздаған еді. Көз арбасу сәтінде Эдуардо Перейра оқыс мінез көрсетіп, қарсыласына тап берген-ді.

Осылайша, 28 жастағы жерлесіміз бразилиялық боксшыны ұпай санымен жеңіп, туған елдегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Айта кетсек, бұған дейін алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бір минуттың ішінде өз қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.