09 қыр, 2017 сағат 15:49

Астанадағы бокс кеші қазақ боксшысының жеңісімен басталды (видео)

Астана қаласында өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бразилиялық Исмаэль Буеноны нокаутпен жеңді.

Алғаш боп шаршы алаң төріне көтерілген Мейірім Нұрсұлтанов пен Исмаэль Буено жекпе-жегі көпке созылған жоқ. Жерлесіміз қарсыласын 50 секундта нокаудқа жіберіп, жеңіске жетті.

Айта кетсек, Мейірім Нұрсұлтанов бұған дейін екі рет жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын.