14 ақп, 2020 сағат 09:08

Нью-Йорктағы полицей Димаш Ниязов кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасында небәрі 100 доллар алған

Нью-Йорктағы танымал боксшы-полицей Димаш Ниязов қылмысқа қарсы күрестен бос уақытында Америкаға белгілі бокс орталығында спарринг өткізеді, деп хабарлайды sports.kz.

Қазақстанның тумасы Instagram-да спортзалда, рингтегі серіктестері – денелі және шымыр азаматтармен бірге түскен суретін жариялады.

Жақында Ниязов әлеуметтік желіде кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңіске жеткен жекпе-жегінде бар болғаны 100 доллар алғанын мойындады. Ал, қатардағы Нью-Йорк полицейі жылына кем дегенде 70 мың доллар жалақы алады.