11 нау, 2019 сағат 09:27

Назарбаев: Әр адамды түсінуді және тыңдауды үйрену керек

ҚР Президентінің телерадиокешені жариялаған мұрағаттық видеороликте Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастары - дүниежүзінің азаматына айналғанын айтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жастарға айтатын бір сөзім бар. Қазіргі өсіп келе жатқан жастар - дүниежүзінің барлық жерінде жұмыс істейтін болады. Солай ғой!? Бүгін қазақтың бармайтын жері бар ма? Басқа елге барғанда, мәселен Африкаға барғанда «Мен қазақпын! Табыныңдар маған» деп өзіңнің заңыңды орнатасың ба барып? Немесе Аустралияға, Америкаға, Еуропан мемлекеттеріне барасың. Қазіргі жастарымыз дүниежүзінің азаматы болды. Жас кезден әр адамның құқығын сақтауды, әр адамды түсінуді, оларды тыңдауды үйрену керек. Сонда бізді сыйлайтын болады», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.