20 нау, 2019 сағат 08:06

Наурыз мейрамында Астанада ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері қалада ауа райы бес градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, ертең 20 наурызда, Астанада жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -10...-12°С, күндіз 0...+2°С. 21 наурызда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз.

Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде -5...-7°С, күндіз +3...+5°С. 22 наурызда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы -3...-5°С, күндіз +3...+5°С көрсетеді.